Қазақстанда пайдаланусыз жатқан 3 млн. гектардан астам ауылшаруашылық жері анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда пайдаланусыз жатқан 3 млн. гектардан астам ауылшаруашылық жері анықталды

Қазақстанда пайдаланусыз жатқан 3 млн. гектардан астам ауылшаруашылық жері анықталды

Елімізде 3 млн. гектардан астам ауылшаруашылық жері мақсатты пайдаланылмай отыр.

  • 30 Қазан 2012
  • 331
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Қадырхан Отаров айтты.

Оның атап өтуінше, агенттік өңірлердегі өкілетті органдарды қатыстыру арқылы 3 жылдық кезеңде орындалуы қарастырылған жалпы көлемі 90 млн. гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің 30 млн. гектарына түгендеу жұмыстарын жүргізді.

«Ағымдағы түгендеу барысында көлемі 3 млн. гектардан асатын 7 мың пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері, оның ішінде 400 мың гектарға жуық егістік жерлері анықталды»,-деді ол.

Қ. Отаровтың алға тартқан мәліметтеріне қарағанда, шаруашылық субъектілері 470 мың гектар жерді егістік ретінде артық пайдалануда.

«Бұл жағдай кейбір жер пайдаланушылардың ықыласын ақиқатқа санағысы келіп, өндірістік көрсеткіштерін жасанды жақсарту мақсатында жасалып отыр»,-деді агенттік басшысы.

Соңғы жаңалықтар