Қазақстанда паспорт пен жеке куәлікті енді бір күнде жасатуға болады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда паспорт пен жеке куәлікті енді бір күнде жасатуға болады

Қазақстанда паспорт пен жеке куәлікті енді бір күнде жасатуға болады

Паспорт пен жеке куәлікті жасату мерзімін тездету тәртібіне өзгертулер енгізілді.

  • 26 Шiлде 2018
  • 620
Фото - Caravan.kz

ҚР үкіметінің 2018 жылдың 23 шілдедегі қаулысына сәйкес, Қазақстан азаматының паспорты мен жеке куәлігін жасау, рәсімдеу, жою, өзгерту жұмыстары, шетелдік азаматтың Қазақстанда тұру ыхтиырхаты, азаматтықсыз жеке куәлік пен босқын куәлігін жасау ережесіне өзгерісте енгізілді.

Әдетте Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, азаматтықсыз жеке куәлік 7 жұмыс күні ішінде дайын болады. ҚР азаматының паспорты тездетілген күйде рәсімделген уақыттан бастап Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкентте бір күн ішінде дайын болады. Облыс орталықтарында 3 жұмыс күні ішінде дайын болады. Аудан мен облыс қалаларында 7 жұмыс күні ішінде дайындалады.

Азаматтрадың қалауы бойынша жеке куәлік пен құжаттары 3 күннен (Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкентте) 5 күнге (облыс орталықтарында) дейін дайындалады.


Құжатты тездетіп рәсімдеу ақысы банк мекемелерінде, басқа ұйымдарда, кассаларда төленеді.

Жеке басты куәландыратын құжатты (босқын куәлігінен басқа) рәсімдеу кезінде уәкілетті орган қызметкері формуляр толтырады. Өтінішті өңдеу, толтыру, жазу, сақтау, беру, жұмсау, жою тәртібі мен тәртібін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайды.

Бұл өзгерістер ресми жарияланған күннен бастап (25 шілде)10 күн ішінде күшіне енеді.