Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тағы 4 университетті жабу бойынша соттың шешімі қабылданғанын хабарлады.
«Мұғалімдерді бұның алдында 86 университет дайындаса және сапасы бойынша көп сұрақтар туындаса, енді педагогтерді тек 50 оқу орыны ғана дайындайды. Әрі қарай осы жұмысты жалғастырамыз», ˗ дейді министр.