"Қазақстанда педофилдерге химиялық кастрация жасалды": Ресейлік БАҚ Қазақстан туралы не жазуда? - kaz.caravan.kz
  • $ 499.51
  • 525.83
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстанда педофилдерге химиялық кастрация жасалды": Ресейлік БАҚ Қазақстан туралы не жазуда?

"Қазақстанда педофилдерге химиялық кастрация жасалды": Ресейлік БАҚ Қазақстан туралы не жазуда?

Ресейлік БАҚ Қазақ елі туралы не жазуда?

  • 14 Қаңтар 2019
  • 56
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа порталы ресейлік басылымдарға шолу жасап көрді.

Ресейде қазақстандық арналар хабар тарататын болды

Ресейде екі қазақстандық телеарна хабар таратады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, — деп жазады Vomske.ru басылымы.

«Жақында «Хабар 24» «Kazakh tv» телеарналары Ресейде хабар тарату үшін лицензия алды. Көрші елдердегі теледидар нарығын ресми тіркеу үшін көптеген техникалық және құжаттамалық талаптар орындалды. Біз Ресей Федерациясының кабельдік операторымен келістік. Ұзақ уақыт бойы шекара маңындағы аудандарда тұратын біздің отандастарымыз бізге Қазақстанның жаңалықтарымен танысуды сұрайтын хаттар жазды. Біз олардың өтініштерін орындадық», — деп жазды Facebook-тегі парақшасында.

Қазақстан 2019 жылға қажетті дәрі-дәрмектің 90%-ын сатып алып қойды.

Қазақстан 2019 жылға қажетті дәрі-дәрмектің 90%-ын сатып алып қойды. Бұл туралы «СҚ-Фармация» ЖШС басқармасының төрағасы Берік Шәріп хабарлады, — деп жазады Вестник кавказа басылымы.


Ол 14 миллиард теңгеге көлемінде дәрі-дәрмектің сатып алынып қойғанын айтты.

«Жабдықтаушылардың жалпы жеткізілімін қарастыратын болсақ, біздің қоймада қазір дәрі-дәрмектер бар. Ол дәрі-дәрмектерді еліміздің түкпір-түкпіріне 23 миллиард теңгеге жібереміз», — деп жауап берді Берік Шәріп.

Қазақстанға алғаш рет педофилге химиялық кастрация жасалды

Қазақстанда алғаш рет Түркістан облысындағы педофилге химиялық кастрация жасалды.

Бұл туралы Vistanews.ru басылымы хабарлайды.

Заң бір жыл бұрын, педофилдерге химиялық кастрация жасалу туралы қабылданған еді. Бұл препарат өмір бойға созылмайды, оны кейін қайта жасауға тура келеді.

Айта кетейік, Қазақстан президенті осы іс үшін 25 мың доллар ақша бөлген. 2018 жылы балаларды зорлаған педофилдерге 2000 инъекция сатып алынған. Бұдан бөлек, бала зорлағандар 20 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылады.