Қазақстанда педофилдерге химиялық кастрация жасауға қанша ақша бөлінді? - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда педофилдерге химиялық кастрация жасауға қанша ақша бөлінді?

Қазақстанда педофилдерге химиялық кастрация жасауға қанша ақша бөлінді?

Қазақстанда 2018 жылы педофилдерге химиялық кастрацияны қолдану үшін медициналық ұйымдарға 9,629 миллион теңге бөлінді.

  • 21 Желтоқсан 2017
  • 155
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы үкіметтің қаулысында айтылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл қаражат облыстық бюджеттен, Астана және Алматы қалаларының бюджетінен бөлінеді. Айта кетейік, қаражаттың басым бөлігі Қарағанды облысына (1,936 миллион теңге) бөлініп отыр. 

Осыған дейін Қазақстанда педофилдерге химиялық кастрация жасауға қатысты шешімнің қабылданғаны хабарланған еді. Кейінірек ІІМ өкілдері химиялық кастрациялау туралы шешімдердің қалай қабылданып отыратынын түсіндірді. 

"Химиялық кастрация — бұл уақытша нәрсе, ол адамға жыныстық зорлық жөнінде ескерту жасау үшін қажет. Сонымен қатар, бұл бір реттік инъекция. Бұл дегеніміз инъекция жасалды, енді ол өмір бойы сондай болып қалады дегенді білдірмейді. Мүлде олай емес. Бұл медициналық ұйымдардың сот шешімі шыққан жағдайда ғана жүзеге асады. Өзгеріс талқыланды, егер біз осылайша тым болмаса бір баланың өмірін сақтап қалсақ, оны істеуге болады деп ойлаймын. Бұл дегеніңіз қалыпты жағдай емес, олар психикалық ауруға шалдыққандар немесе өзге де ауытқушылығы барлар деген сөз. Балаларды қорғау үшін бәрін жасауымыз керек. Бұл жетім балаларға ғана қатысты емес, бұл еліміздің барлық балаларына қатысты. Әлемде мұндай тәжірибе бар және біз де мұнымен күресуге тиіспіз", — деген еді халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Бірғаным Әйтімова.