Қазақстанда пошта индекстері жаңартылады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда пошта индекстері жаңартылады

Қазақстанда пошта индекстері жаңартылады

Ертең, 1-желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағында жаңа пошта индекстері қолданысқа енгізіледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Қазпошта" АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Қараша 2004
  • 1102
Фото - Caravan.kz

«Пошта индекстерін жаңалау қажеттілігі , бірінше кезекте, 1971-жылдан бері қолданылып келе жатқан Кеңестік индекстер қазіргі әкімшілік-аумақтық бөлініске сәйкеспей қалуына байланысты туындады. Сондай-ақ, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдануға байланысты жаңа индекстер енгізу қажет болып отыр»,- деді «Қазпошта» өкілдері.

Мемлекеттік байланыс операторы қызметкерлерінің пікірінше, жаңа пошта индекстерін енгізу пошта жөнелтімдерін өңдеу мерзімін қысқатып, оларды іріктеуге жұмсалатын еңбек шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, автоматтандырылған жүйелер құру пошта бөлімшелеріндегі жұмысты жеңілдетеді. Хат-хабар, сәлемдемелер бұдан былай компьютердің көмегімен тіркеледі.
Қазақстан Республикасындағы алты орынды саннан құралатын жаңа пошталық индекс жүйесі пошта байланысы құрылымдық бөлімшелерінің аумақтық бағыныштылығына және еліміздің әкімшілік бірліктеріне байланысты құрылады. Бірінші және екінші сан облыс кодын, үшінші және төртінші сан — аудандық кодты, бесінші және алтыншы сан — елді мекеннің кодын білдіреді. Мәселен, Астананың жаңа пошталық индексі 010000, Алматыныкі — 050000, Тараздыкі — 080000, Қарағандыныкі 100000, Петропавл қаласынікі — 150000 болмақ.
ҚР ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дайындалып, барлық байланыс бөлімшелерінде таратылған пошта индекстерінің анықтамалығын бекітті.
Сондай-ақ, бұдан былай адресті жазу реті өзгереді. Біріншіде хатты алушының немесе хат жіберушінің аты-жөні, бұдан кейін көшенің атауы, үйдің номері мен пәтер саны көрсетіледі. Елді мекеннің (қала, ауыл т.б.), ауданның, облыс немесе елдің атауы бұрынғыдай адресаттың аты-жөнінен бұрын емес, кейін көрсетіледі. Ең соңында пошта индексі жазылады.
«Жаңа индекстермен тұрғындардың танысуы үшін біраз уақыт қажет болуына байланысты пошта кәсіпорындары әзірге хаттарды бұрынғы индекс бойынша қабылдап, жеткізіп беретін болады»,- дейді «Қазпошта» АҚ-ның баспасөз қызметі.
Жаңа индекстерді енгізу пошта қызметінің тарифтеріне әсер етпейді. «Жаңа индекстерді енгізуге байланысты барлық шығындар «Қазпошта» АҚ-ның жеке қаржысы есебінен жүзеге асырылады»,- дейді баспасөз қызметі.

Перейти к новостям спорта