Қазақстанда “пробиркадан” шыққан он мыңыншы сәби дүниеге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда “пробиркадан” шыққан он мыңыншы сәби дүниеге келді

Қазақстанда “пробиркадан” шыққан он мыңыншы сәби дүниеге келді

Қазақстанда экстракорпоральды ұрықтандыру бағдарламасы бойынша дүниеге он мыңыншы сәби келді, деп хабарлады қазақстандық репродуктивті медицина орталығынан.

  • 8 Сәуiр 2015
  • 796
Фото - Caravan.kz


21- наурыз күні алматылық жанұяда егіз ұл мен қыз бала туылды, делінген сейсенбіде таралған ақпаратта. ЭКҰ көмегімен дүниеге келген сәбилердің дені сау, салмақтары 3,18 кило және 2,68 кило.

Ақпаратқа қарағанда, биыл мемлекет бұл бағдарлама үшін 750 квота бөліпті, жалпы алғанда квота саны соңғы бес жылда жеті есеге артқан. Жыл сайын бюджеттен осы мақсат үшін 500 млн теңге бөлінеді. Денсаулық сақтау министрлігінің статистикасына қарағанда, елде 15-18% жұп баланы дүниеге әкелу проблемасына тап болады. Елде ондай алғашқы сәби дүниеге 1996 жылы келген, қазір елде ЭКҰ айналысатын 18 емхана бар.