Қазақстанда қай көшелерге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда қай көшелерге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді

Қазақстанда қай көшелерге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді

Бүгін барша қазақстандық Тұңғыш президент күнін атап өтіп жатыр, мерекеге орай еліміздің түкпір-түкпірінде әртүрлі шаралар өтеді

  • 1 Желтоқсан 2019
  • 24
Фото - Caravan.kz

 Қазақстан қалалары мен алыс-жақын шет елдерде Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне аталған көшелер жетерлік. Sputnik Қазақстан Тұңғыш президент күніне орай Елбасының атымен аталған көшелерге шолу жасағанды жөн көрді.

Тарихи сәт

2019 жылдың 20 наурызында парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына ант беріп, президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев ел астанасына тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынды. Сонымен қатар, облыс орталықтарындағы негізгі көшелерді Елбасының құрметіне атау керек деген еді.

Жаңа президенттің тапсырмасынан кейін облыс орталықтары негізгі көшелердің атауын бірінен соң бірі өзгерте бастады.

Мәселен, Өскемен мен Павлодардағы Тәуелсіздік даңғылына, Оралдағы Достық даңғылына, Атырауда Қаныш Сәтпаев даңғылына, Петропавлда Мир көшесіне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді.

Ал Көкшетаудағы Максим Горький көшесі, Қостанайдағы Абай даңғылы, Шымкенттегі Астана даңғылы, Оралдағы Достық-Дружба көшесі, Ақтөбедегі Әбілқайыр хан даңғылының бір бөлігі, Тараз қаласының ең үлкен көшелерінің бірі – Төле би даңғылы, Қызылордадағы Жібек жолы көшесі, Талдықорғандағы Тәуелсіздік көшесі Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне аталды.

Бұдан бөлек, Қарағандыда Бейбітшілік бульвары мен Нарманбет Төлепов көшесін қосу арқылы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы пайда болды. Көше атауларын өзгерту туралы шешімді қалалық мәслихат депутаттары қабылдады.

Осыдан екі жыл бұрын Алматыдағы басты көшелердің бірі Фурманов көшесі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгерген болатын.

Назарбаев даңғылы Ақтауда да пайда болды


Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласы Қазақстанның өзге қалаларынан ерекшеленеді. Мұнда көше атаулары жоқ. Ақтау көшелері ықшам аудандармен бөлінген. Қалада 36 ықшам аудан бар. Қаладағы мекенжайлар телефон нөмірі сияқты. Мәселен, бір жердің мекенжайын қысқа ғана 17-27-34 деп айтады. Яғни, бұл 17-аудан, 27-үй, 33-пәтер дегенді білдіреді.

Шаһарда кәдімгі атауы бар екі даңғыл ғана бар. Олар ҚР тұңғыш президенті және Тәуелсіздік даңғылдары.

Алайда осы жылдың наурызында облыстық мәслихат депутаттарының шешімімен Тұңғыш президент даңғылының атауы Нұрсұлтан Назарбаев болып өзгертілді.

Қазір Ақтөбе қаласының тұрғындары да Мәңгілік ел даңғылына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беруді ұсынып жатыр. Осыған байланысты демалыс күндері бұл өңірде жаппай қоғамдық тыңдау өткізіледі.

Елбасының есімі ұсынылып отырған даңғыл жаңадан салынған ықшам ауданда орналасқан.

Шет елдерде де "Назарбаев" бар

2015 жылы Татарстан астанасы Қазан қаласында Жданов көшесі Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне аталды.

Түркияның Гебзе, Кыршехир, Невшехир, Адана қалаларында да Назарбаев даңғылы пайда болды.

Шешенстанның бас қаласы Грозныйда да Нұрсұлтан Назарбаев көшесі бар.

Иордания астанасы Аммандағы көшелердің біріне Назарбаевтың есімі берілген.

Ингушетияның бас қаласы Магаста да Нұрсұлтан Назарбаев көшесі бар.