мұндай норма жаңа Қылмыстық –атқарушы кодексінде көзделген, деді республика бас прокурорының орынбасары Жақып Асанов.
"Жаңа Қылмыстық –атқарушы кодекс барынша қамауда отырғандардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Онда қоғамдық бақылаушы комиссиялар мен ұлттық превентивті механизм қызметі формасында қоғамдық бақылаудың мүмкіндіктері елеулі кеңейтілген", деді ол Астанада дүйсенбіде Қылмыстық –атқарушы кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің жаңа модельдеріне өту мәселелері жөніндегі жиын барысында.
Жазасын өтеу процедурасын дараландыру үшін сотталушының тәртібін бағалау жүйесі енгізіледі.
"Енді сотталушының қамауда отыру кезінде өз тағдыры үшін тырысуға мүмкіндігі болады. Оған тәртіптің алты дәрежесі бойынша нақты тәсілмен өзінің құқықтық жағдайын өзгерту мүмкіндігі беріледі.
Бірінші дәреже, кәдімгі қамауда отыру, Екіншісі –сәл жеңілдетілген түрі. Үшінші жеңілдетілген түрі, төртіншісі – колония түрін өзгерту, анағұрлым жұмсақ түріне ауыстыру, алтыншысы- шартты түрде мерзімнен бұрын босату, деді ол.
Жазаны камера жағдайында өтеу тәртібі белгіленген, бұл қазіргі отрядтық-барак жүйесіне қарағанда әлдеқайда ілгері, деді ол.
"Камералар түнгі уақытқа жабылады. Күндіз сотталғандар еркін жүреді", деді Ж.Асанов.
Бұрыннан белгілі, жаңа Қылмыстық –атқарушы кодекс күшіне 2015 жылы 1-қаңтардан бастап енеді.