Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мамыр айындағы инфляция көрсеткіші 14 пайыз болғанын еске салды.
Бюро мәліметінше, 2022 жылдың мамыр айында азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылдың мамырымен салыстырғанда 19 пайызға өсті, ал басқа тауарлар 11,9 пайызға қымбаттаған.
"Азық-түлік нарығында қант 60,5 пайызға, көкөністер 31,5 пайызға, ұн 29,9 пайызға қымбаттады", — делінген хабарламада.