Қазақстанда қант диабетіне жаңадан шалдыққан 15 мың адам анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда қант диабетіне жаңадан шалдыққан 15 мың адам анықталды

Қазақстанда қант диабетіне жаңадан шалдыққан 15 мың адам анықталды

Қант диабетінің ұлттық регистрі мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанда ел тұрғындарының 1,2 пайзы қант диабетіне шалдыққан.

  • 14 Қараша 2012
  • 735
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Алматыда Қант диабетіне қарсы дүниежүзілік күрес күніне орай ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында айтылды.

ҚР Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығы Орталық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу-профилактикалық жұмыс жөніндегі орынбасары, медицина ғылымдарының докторы Гүлнұр Таңбаеваның айтуынша, Халықаралық диабет федерациясының деректеріне қарағанда бүгінгі таңда әлемде 366 млн. адам қант диабетіне шалдыққан. Бұл ересек адамдардың 7 пайыздан астамы. Тағы 300 млн. адам қант диабеті қаупі жоғары топқа кіреді. Диабет 4 пен 59 жас аралығындағы адамдарда жиі кездеседі. 2030 жылға қарай 552 млн. адам инсулинге тәуелді болуы мүмкін деген болжам бар. Қант диабетінің ұлттық регистрі мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанда аталған індетке 207 мың 935 адам шалдыққан. Бұл ел тұрғындарының 1,2 пайызын құрайды.

«2011 жылдан бастап жасы 40-тан асқан тұрғындар арасында қант диабетін ерте анықтауға арналған скринингтік бағдарлама жүзеге асырылуда. 2012 жылдың 6 айында Қазақстанда жаңадан қант диабетіне шалдыққан 15 мыңнан астам науқас анықталды», — дейді Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Роза Қуанышбекова.

Ресми деректерге қарағанда, әлемде әр 7 секунд сайын диабеттен 1 адам, ал жылына 4,6 миллионнан астам адам көз жұмады. Өзгелермен салыстырғанда диабетке шалдыққандар арасында соқырлық — 10 есе, нефропатия — 12-15 есе, ал аяқ-қолдың шіруі 20 есе жиі кездеседі және жүрек сырқаттарынан көз жұматындар саны диабетке шалдыққандар арасында 2-3 есе көп. Қант диабетіне шалдыққан адамдардың 50 пайызы өздерінің аталған сырқатпен ауыратынынан бейхабар.

«Байқатпай алатын» аурудың соңы жүрек сырқаттарына, инсульт, бүйрек тапшылығына, зағиптыққа душар етіп, адамды дене мүшесінен айырады. IDF мамандарының болжамынша, жылдам әрі нақты шаралар қолға алынбайтын болса 2030 жылға қарай әрбір оныншы адам диабеттің зардабын тартпақ.

Соңғы жаңалықтар