Қазақстанда қант өндірісі 79% азайды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда қант өндірісі 79% азайды

Қазақстанда қант өндірісі 79% азайды

Қазақстанда қант өндірісі айтарлықтай төмендеді. 

  • 18 Қыркүйек 2023
  • 27
Фото - Caravan.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, тамыз айында 9,3 мың тонна қант өндірілген. Шілдемен салыстырғанда бұл 46,7%-ға немесе 8,1 мың тоннаға аз, деп хабарлайды  Caravan.kz медиа порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Ал 2022 жылдың тамызымен салыстырғанда өндіріс 79,1% немесе 35,2 мың тоннаға құлдыраған.

Бірінші кредиитік бюро сарапшыларының пікірінше, бұл маусымдық құлдырау болуы мүмкін.

Десе де, елімізге қант импорты өсуде. Жеті айдың қорытындысы бойынша оның көлемі 322,6 мың тоннаны (+18,7% немесе 50,8 мың тонна) құрады. Әсіресе, Ресей қант тасымалын үш есеге жуық, 180,5 мың тоннаға дейін арттырды. Ал Бразилия импорты 7,2%-ға, 131 мың тоннаға дейін төмендеді.