Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан хабарламаға сәйкес, Ақмола облысында 230 адам эвакуацияланды, оның 12-сі балалар, 88-і көлік құралы.
Ақтөбе облысында қарға кептелген төрт жеңіл көлік пен төрт автобустағы 135 адам эвакуацияланды, оның ішінде үшеуі балалар.
Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттерде қалыптасқан жағдайды жою үшін жедел штабтар құрылды.
Қостанай облысының күре жолында 26 адам, оның ішінде екі бала, ал Қарағанды облысында 20 адам, оның ішінде бір бала құтқарылды.