Қазақстанда қоршаған ортаға тасталатын зиянды қалдықтар мөлшері азайды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда қоршаған ортаға тасталатын зиянды қалдықтар мөлшері азайды

Қазақстанда қоршаған ортаға тасталатын зиянды қалдықтар мөлшері азайды

"Елімізде соңғы бірнеше жылда алғаш рет қоршаған ортаға тасталатын зиянды қалдықтар мөлшері тұрақтанып қана қоймай, шамалы азайды". Бұл туралы бүгін, 18-ақпанда министрліктің алқа мәжілісінде сөз сөйлеген ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Айткүл Самақова мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Ақпан 2005
  • 834
Фото - Caravan.kz

А.Самақованың айтуынша, 2003-жылы қоршаған ортаға тасталған зиянды қалдықтар мөлшері 3,96 млн. тоннаны құраса, 2004-жылы бұл көлем 3,58 млн. тоннаға дейін кеміді.

Министрдің айтуынша, «кәсіпорындардың экономикалық өсімі» ахуалында қалдықтарды азайтуға қол жеткізіліп отыр. 2010-жылға дейін еліміз Жалпы Ішкі Өнім мөлшерін екі есе арттыруды межеледі, дегенді министр еске сала кетті. «Осындай жағдайда біздің мақсат — ұстанымды бірқалыпты сақтап қалумен шектелмей, экологиялық фактордың өзектілігін арттыра түсуге саяды»,- деді министр.
Дегенмен, А.Самақованың айтуынша, табиғат қорғау заңдарын бұзу оқиғалары бұрынғыдай тыйылмай келеді. Мәселен, 2004-жылы 50 мыңнан астам тексерулер жүргізіліп, олардың барысында табиғат қорғау заңын бұзуға қатысты 45 мың дерек әшкереленді. Жеке тұлғаларға 100 млн. теңгенің 30 мың әкімшілік айыппұлы салынды. Қоршаған ортаға келген шығынның орнын толықтыру үшін 2,3 млрд. теңгенің 2 мың талап шарты қойылып, 800 млн. теңге өндіріп алу жөніндегі 137 талап арыз сотқа жіберілді. 6 іс қылмыстық іс қозғау үшін прокуратура органдарына жолданды.

Перейти к новостям спорта