Қазақстанда құны 18 млрд теңгелік жаңа зауыт салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда құны 18 млрд теңгелік жаңа зауыт салынады

Қазақстанда құны 18 млрд теңгелік жаңа зауыт салынады

ОҚО-да қуаттылығы жоғары трансформатор шығаратын жаңа зауыт салу жоспарланып отыр.

  • 14 Желтоқсан 2017
  • 192
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  Вaq.kz ақпарат агенттігі Қазақстанның даму банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құны 17,9 млрд тұратын жобаны ҚДМ қаржыландырады. Банк 12 жылға 8,7 млрд теңге несие береді. «ҚДМ-Лизинг» 4,7 млрд теңге және «Азия Трафо» (Alageum Electric-тің еншілес компаниясы) 4,5 млрд теңге өз қаражатынан инвестиция құяды.

«Жаңа зауыттың құрылысы қуаттылығы жоғары трансформатор шығаруда Alageum Electric-тің әлеуетін арттырады. Содан соң осы өнімге деген қазақстандықтардың жоғары сұранысын қанағаттандыра аламыз. Жоба іске қосылғаннан кейін ел нарығындағы қуаттылығы 110 кВ трансформаторға деген сұраныстың 70%-ының және 220 кВ трансформаторға сұраныстың 50%-ының орнын толтырады», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Өнімді негізінен электр желі компаниялары мен ірі өнеркәсіп кәсіпорындары тұтынады.


«Зауыт іске қосылғаннан кейін Қазақстанда трансформаторлардың импорты 50-70% қысқарады. Оның үстіне жаңа қуаттылық зауыт өнімінің 50%-ын жақын жердегі нарыққа экспорттауға мүмкіндік береді. Жоба аясында 220 жұмыс орны ашылады», — деп хабарлады ҚБМ.

Зауыт 2018 жылдың ІІІ тоқсанында салынып бітеді. Компания 2022 жылға дейін жылына 100 трансформатор шығаруды көздеп отыр. Жоба ҚР 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар