Қазақстанның экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 2014 жылы заңға енгізілетін түзетулерді әзірлемек, оған орай құрамында шамалы ғана алкоголь бар сусындардың акцизі қымбаттайды, деп хабарлады ведомство жетекшісі Ерболат Досаев.
"Сыраға тоқталар болсақ, импорт көлеміне қатысты жұмысты тәмамдап қалдық, жоспарға орай келесі жылы қарауларыңызға құрамында шамалы ғана алкоголь бар сусындардың акцизін арттыру жайын ұсынбақпыз", деді ол жұмада Астанада "Нұр Отан" партиясы парламенттік фракциясының отырысында осыған қатысты сауалға жауап берген кезінде.
Қазіргі уақытта құрамында 0,5% этил спирті бар сыра акцизінің мөлшерлемесі 0 теңгені құрайды, одан жоғары болса литрі 26 теңге.
Алдында хабарланғандай, Қазақстан үкіметі алкоголь өнімдері (коньяк, бренди, шарап, сырадан басқасын) акциздерінің мөлшерлемесін екі еселемек. Қазір 100% спирт литрінің мөлшерлемесі 500 теңгені құраса, экономика министрлігі 2014 жылдан бастап акцизді екі еселеуді ұсынуда, 1000 теңгеге дейін, 2015 жылы 1200 теңгеге дейін және 2016 жылы 1600 теңгеге дейін.
1996-2013 © Interfax-Kazakhstan