Қазақстанда құрт ауруына қатысты эпидемиологиялық ахуал тұрақтана бастады - Құрт ауруы проблемалары жөніндегі ұлттық орталық - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда құрт ауруына қатысты эпидемиологиялық ахуал тұрақтана бастады - Құрт  ауруы проблемалары жөніндегі ұлттық орталық

Қазақстанда құрт ауруына қатысты эпидемиологиялық ахуал тұрақтана бастады - Құрт ауруы проблемалары жөніндегі ұлттық орталық

"Қазақстанда құрт ауруына қатысты эпидемиологиялық ахуал тұрақтана бастады". Бүгін, 20-қазанда Алматыда өткен Қазақстан Республикасы фтизиатр дәрігерлерінің 1-конгрессі барысында Құрт ауруы проблемалары жөніндегі ұлттық орталықтың директоры Ғалымжан Рақышев осындай пікір білдірді,-деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 20 Қазан 2004
  • 961
Фото - Caravan.kz

Ғ.Рақышевтің айтуынша, соңғы жылдарда еліміздің барлық өңірлеріндегі бактериологиялық зертханалар қайта жарақтанып, құрт ауруына шалдыққандар мен құрт ауруына қарсы дәрі-дәрмектерді тіркеуге алудың біртұтас компьютерлік бағдарламасы жасалды. Пенитенциарлық жүйедегі құрт ауруына қарсы күрес қызметінің сапасын арттыруға елеулі еңбек жұмсалды.

Сонымен бірге Ғ.Рақышевтің айтуынша, биыл «Қазақстан Республикасында 2004-2006-жылдар аралығында құрт ауруына қарсы күресті күшейту жөніндегі» мемлекеттік бағдарлама қабылданып, қолданысқа енгізілді. Еліміздің барлық аймақтарындағы құрт ауруына қарсы шараларды жалпы үйлестіру үшін барлық әкімшіліктер мен облыстық денсаулық сақтау департаменттерінде құрт ауруымен күрес жөніндегі үйлестіру кеңестері өткізілуде. Аймақтардағы жұмыстарды пәрмендендіру үшін Құрт ауруы проблемалары жөніндегі ұлттық орталықтың филиалдары төрт жерде құрылып, құрт ауруына қарсы күрес қызметінің жаңа нысандары салына бастады. Жаңа ұлттық референс-зертхана құрылысын салу межеленген.
Сонымен бірге Ғ.Рақышевтің айтуынша, құрт ауруына қарсы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету тауқыметі шешімін тапты. Құрт ауруы проблемалары жөніндегі ұлттық орталық қызметкерлерінің күшімен «Фтизиопульмонология» атты профильдік журнал шығарылып, тұрақты жарық көрумен бірге түрлі жаңалықтар туралы 65 алдын-ала патент алынып, 76 ғылыми еңбек жарияланды.
Конгресске еліміздің фтизиатрия саласындағы жетекші мамандары, ғалымдар, ғылыми-зерттеу орталықтарының директорлары, медициналық жоғары оқу орындарының фтизиатрия кафедраларының меңгерушілері, құрт ауруы бойынша облыстық және аймақтық үйлестірушілер, республиканың фтизиатриялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкерлері, Қазақстандағы құрт ауруы проблемаларымен айналысушы халықаралық ұйымдардың өкілдері мен фармацевтикалық фирмалардың өкілдері қатысты. Сондай-ақ, Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосибирск, Татарстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның жетекші фтизиатр-ғалымдары қатысты.
Конгрессте құрт ауруына қатысты эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру бағытында соңғы бес жылда тындырылған істердің қорытындысы шығарылды.
Шара барысында ғылыми зерттеулердің нәтижесі талқыланып, өзара ақпарат алмасылып, алдағы бірлескен жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері айқындалды.

Перейти к новостям спорта