Қазақстанда құтқарушылар даярлайтын оқу орындары жеткіліксіз - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда құтқарушылар даярлайтын оқу орындары жеткіліксіз

Қазақстанда құтқарушылар даярлайтын оқу орындары жеткіліксіз

 Қазақстанда құтқарушылар даярлайтын жаңа оқу орнын салу жоспарланып отыр, деп ТЖ министрі Владимир Божко мәлім етті.

  • 18 Қараша 2013
  • 391
Фото - Caravan.kz

«Бізде оқу орны жеткіліксіз. Ресейде жиырма шақты оқу орны болса, Белоруссияда ондай мекеме саны төртеу. Ал, 17 миллион халқы бар біздің елімізде бір ғана КТИ жұмыс істейді. Бізге маман жетіспейді. Сондықтан заманауи қондырғылармен жабдықталған оқу орнын ашу туралы ұсыныс жасап жатырмыз, нобайлы экскиздік жоба да бар», — деді ол дүйсенбі күні сенаторларға.

В.Божконың айтуынша, қазір қазақстандық 25 курсант Ресейде, тағы 10 курсант Белоруссияда тәлім алып жатыр.


«Сонымен қатар, біз өзіміздің халықаралық бағдарламамызды іске қостық. Ол бойынша қазір қырғызстандық 10 азамат бізде лбілім алып жатыр», — деді министр.