Жарияланды: 370

Қазақстанда Қырғызстанмен шекарада жаңа жеті шекаралық застава ашылады

Қазақстанда Қырғызстанмен шекарада жаңа жеті шекаралық застава ашылады

Жамбыл облысында жылдың соңына дейін жаңа жеті шекаралық застава ашылады.

Бейсенбіде "Интерфакс-Қазақстанға" Тараз шекаралық отряды бастығының орынбасары Бахтияр Арзиевтің айтуынша, олар Жуалы, Меркі, Жамбыл аудандарында ашылмақ. Б.Арзиевтің айтуынша заставалар Кеден одағының шекараларын нығайту шеңберінде салынбақ. Шекарашылардың өтініші бойынша, ономастикалық комиссияның шешіміне орай заставаларға Ұлы Отан соғысының қаһармандары Бауыржан Момышұлы мен Сәду Шакировтың есімдері берілмек. Қазақстандық -қырғыз мемлекеттік шекарасының ұзындығы шамамен 1240 шақырымды құрайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін