Қазақстанда Ресейдің "Сухой" холдингтік компаниясынан ұшақтар сатып алу мүмкіндіктері қарастырылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда Ресейдің "Сухой" холдингтік компаниясынан ұшақтар сатып алу мүмкіндіктері қарастырылуда

Қазақстанда Ресейдің "Сухой" холдингтік компаниясынан ұшақтар сатып алу мүмкіндіктері қарастырылуда

27-қыркүйекте ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов "Сухой" холдингтік әуекомпаниясының бас директоры Михаил Погосянды қабылдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Қыркүйек 2004
  • 445
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында М.Погосян Д.Ахметовқа компанияның ұшақ жасау тәжірибесі мен мүмкіндіктері туралы әңгімелеп берді. Мәселен, әңгіме барысында Ресейдің RRJ атты аймақтық ұшақтарын жасау бағдарламасы және оған Қазақстанның қатысу мүмкіндіктері туралы сөз қозғалды.

«Сухой компаниясының азаматтық ұшақтары» ЖАҚ өкілдерінің ақпаратына сүйенсек, ресейдің аймақтық ұшақтарының топтамасы жолаушы сыйымдылығы 50-95 адамды құрайтын, 2500 шақырым қашықтыққа дейін ұша алатын шағын ұшақтардың алты түрінен құралады.
Үкімет басшысы қазір Қазақстанда ел аумағындағы жолаушы тасымалын жүзеге асыру үшін осындай ұшақтарға деген сұраныс артқанын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша, Д.Ахметов ҚР көлік және коммуникация министрлігіне отандық әуе компанияларын қатыстыра отырып Ресейлік аталмыш авиа кәсіпорыннан ұшақтар сатып алу мүмкіндігін зерттеп, өз ұсыныстарын бір айда үкіметке ұсынуды тапсырды.

Перейти к новостям спорта