Қазақстанда сайлаудан кейін митингілер өткізуге тыйым салуға негіз жоқ - ОСК төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда сайлаудан кейін митингілер өткізуге тыйым салуға негіз жоқ - ОСК төрағасы

Қазақстанда сайлаудан кейін митингілер өткізуге тыйым салуға негіз жоқ - ОСК төрағасы

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының пікірінше, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заңындағы шерулер мен демонстрациялар ұйымдастыруға салынған тыйымды сақтап қалуға негіз қоқ. Бүгін, 18-қарашада журналистер сауалына жауап берген ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабеков осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Қараша 2005
  • 370
Фото - Caravan.kz

Ал 2005-жылдың көктемінде, әділет министрі болып тұрған кезде О.Жұмабеков осындай тыйым туралы сайлау заңнамасына өзгеріс енгізу жөнінде парламентке ұсыныс жасауды талап еткен еді. «Ол кезде сайлау туралы заңнамаға осындай өзгеріс енгізуге негіз болды. Көршілес елдерде, әсіресе Қырғызстандағы ахуал ушығып тұрған болатын. Онда болған жаппай тәртіпсіздіктерді элитаның бір бөлігі пайдаланып кетті»,- деді О.Жұмабеков.

Оның пікірінше, қазір «Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуал көршілес елдермен салыстырғанда әжептәуір артық». «Біздің халқымызды ешкім де оңайлықпен дүрліктіре алмайды»,- деп атап өтті ол. «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының нұсқауы негізінде біз Қазақстанда мұндай абайлық шарасының қажеті жоқ деген тұжырымға келдік»,- деп мәлімдеді О.Жұмабеков.

Перейти к новостям спорта