Қазақстанда "Сайлауларға бақылау жасау жөніндегі қоғамдық комитет" атты жаңа бірлестік құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда "Сайлауларға бақылау жасау жөніндегі қоғамдық комитет" атты жаңа бірлестік құрылды

Қазақстанда "Сайлауларға бақылау жасау жөніндегі қоғамдық комитет" атты жаңа бірлестік құрылды

Қазақстанда "Сайлауларға бақылау жасау жөніндегі қоғамдық комитет" атты жаңа бірлестік құрылды. Бұл туралы бүгін, 28-тамызда Астанада өткен баспасөз мәслихатында жаңа бірлестік құру жөніндегі бастамашылардың бірі, "Құқықтық Қазақстан" республикалық азаматтық қозғалысының төрағасы Мақсұт Нәрікбаев хабарлады.

  • 28 Тамыз 2003
  • 563
Фото - Caravan.kz

Қоғамдық комитет «Құқықтық Қазақстан» республикалық азаматтық қозғалысы мен Қазақстан жастары Конгрессінің бастамасымен құрылып отыр. Осы жөніндегі бастамашыл топтың құрамына тәуелсіз кәсіподақтары конфедерациясының президенті Валентина Севрюкова, Қазақстан жастары Конгрессінің атқарушы директоры Нұрлан Өтешев пен Мақсұт Нәрікбаев қамтылған.

Қоғамдық комитеттің басты мақсаты «демократиялық дамуға бет түзеген Қазастанның тұрақты дамуына басты кепілдік ретінде сайлаулардың еркін әрі әділетті өтуіне түрткі болу, сайлау барысы туралы жұртшылыққа обьективті ақпарат беру, сондай-ақ, сайлау компаниялары арасында өркениет талабына сай бәсекелестік тетіктерін қалыптастыру болмақ «,- деп атап көрсетті М.Нәрікбаев.
Оның айтуынша, «Сайлауларға бақылау жасау жөніндегі қоғамдық комитеттің бастамашылары ҚР Орталық сайлау комиссиясының жұмысына көңілі толмайды». «Біздің пікірімізше, ведомство қызметкерлері сайлаушылармен және кандидаттармен талмай тер төгетін жұмысты ақша қамымен алмастырып алғанға ұқсайды»,- деді М.Нәрікбаев.
Оның хабарлауынша, Орталық сайлау комиссиясына депутаттыққа кандидаттардан 142 арыз келіп түскен. Олардың небәрі 12-сі ғана қанағаттандырылды. М.Нәрікбаевтың пікірінше, бұл сан — сайлау комиссиясы жұмысының тиімсіздігін паш етеді .
Сайлауларға бақылау жасау жөніндегі қоғамдық комитеттің пікірінше, қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен барлық мүдделі жақтардың күш-жігерін үйлестіру арқылы қоғам мүшелерін еркін әрі әділетті сайлауға жұмылдыруға шара қолдану қажет.

Соңғы жаңалықтар