Қазақстанда сайлаушылардың 54,9 проценті дауыс беруге қатысты - ТМД бақылаушыларының мәліметі - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда сайлаушылардың 54,9 проценті дауыс беруге қатысты - ТМД бақылаушыларының мәліметі

Қазақстанда сайлаушылардың 54,9 проценті дауыс беруге қатысты - ТМД бақылаушыларының мәліметі

ТМД -ның бақылаушылар миссиясының мәліметі бойынша, Қазақстандағы парламент сайлауында сайлаушылардың 54,9 проценті дауыс берген. Бұл туралы бүгін, 20-қыркүйекте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін Астанада өткізілген брифингте ТМД Атқару комитетінің хатшысы, Достастықтың Қазақстандағы парламент сайлауын қадағалаған бақылаушылар миссиясының жетекшісі Владимир Рушайло хабарлады.

  • 20 Қыркүйек 2004
  • 460
Фото - Caravan.kz

Р.Рушайлоның айтуынша, сайлаушыларының белсенділігімен көзге түскендер санатында Ақмола облысы (64%), Қарағанды және басқа да бірқатар облыстар тұр. «Ал бұрынғы және қазіргі астаналар — Алматы мен Астанада сайлаушылардың 30 проценті ғана дауыс беруге келді» деп мәлімдеген В.Рушайло «бұл — күтпеген оқиға болмағанын, дегенмен, ой елегінен өткізетін оқиға» екенін хабарлады.

В.Рушайло «сайлауды табысты өткізу үшін Орталық сайлау комиссиясы мен әкімшіліктердің үлкен іс тындырғанын» атай отырып, «Қазақстандағы тәжірибені ТМД бақылаушылары Беларусьтағы парламент сайлауы мен Украинадағы президент сайлауында әжетке жарататынын» айтты.

Перейти к новостям спорта