Бұл туралы тілшілерге берген сұхбатында ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің басшысы Владимир Жұмақанов мәлім етті.
«Бұл сұрақ қолға алынды, оны жақтап отырғандар да, қолдамай отырғандар да бар. Идеологияға тыйым салу қиын. Дегенмен 2011 жылдан бері болған оқиғалардың барлығы салафиттермен байланысты болды. Сондықтан бұл мәселе ең жоғары деңгейде: Мемлекет басшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің деңгейінде қаралады деп ойлаймын», — деді ол тілшілерге берген сұхбатында.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтауда зиялы қауым өкілдері бас қосып, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев атына ашық хат жазып, уахабизм-салафизм ағымының барлық тармағын экстремистік деп тану туралы халық талабына қолдау көрсетуін сұраған болатын.