«Бюджеттің кіріс бөлігінің негізгі көрсеткіштері асыра орындалғанына қарамастан, салық жинау деңгейі төмендеді», — деді О. Өксікбаев.
«Бұл республикалық бюджеткен түскен салық түсімдерінің Ұлттық қорға аударымдарды ескергендегі санын Жалпы ішкі өнімге шаққандағы қатынасының 2006 жылы 21,2%-дан 2007 жылы 20,9%-ға дейін азаюымен дәлелденеді», -деді ол.
Сонымен бірге, О. Өксікбаевтың айтуынша, «республикалық бюджеттің орындалуының корпоративтік кіріс салығы, қосылған құн салығы мен кедендік төлемдерге тәуелділігі сақталып отыр».
«Біздің бағалауымызша, бюджетті толтырудың потенциалдық қорына салық және кедендік әкімшілікті жетілдіру есебінен түсетін түсімдерді; берілетін салық жеңілдіктері мен преференциялардың негізділігі мен әлеуметтік-экономикалық тиімділігін көтеру есебінен; еркін экономикалық аймақтардың жұмыс істеу тиімділігін көрсету есебінен түсетін түсімдерді жатқызуға болады», -деді Есеп комитетінің төрағасы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті