Қазақстанда саяси бастамалар көтеру құқығы партиялардың құзырына көшуі тиіс- Жаңа саясат халықаралық институты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда саяси бастамалар көтеру құқығы партиялардың құзырына көшуі тиіс- Жаңа саясат халықаралық институты

Қазақстанда саяси бастамалар көтеру құқығы партиялардың құзырына көшуі тиіс- Жаңа саясат халықаралық институты

Қазақстанда саяси бастамалар көтеру құқығы партиялардың құзырына көшуі тиіс. Бүгін, 2-наурызда "Саяси партиялар және Қазақстандағы демократияландыру перспективалары" тақырыбын арқау еткен дөңгелек үстелде Жаңа саясат халықаралық институтының бас директоры Ерлан Қарин осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Наурыз 2004
  • 836
Фото - Caravan.kz

Е.Қариннің айтуынша, қазіргі жағдаймен саяси партиялардың реформалар туралы бастама көтеруі «жоқтың қасы» деуге болады. Ал Қазақстан болса «қазір саяси дамудың жол айрығында тұр», сол себепті «2004-жыл еліміздегі саяси жаңартулардың болашақ бағыт-бағдарын айқындап беруі тиіс»,- дейді институт директоры. Алдағы парламент сайлауының басты нәтижесі, Е.Қариннің пікірінше, оның ақырғы қорытындысында емес, «билеуші элитаның саяси жаңартуларға деген әзірлік деңгейін айқындап беруінде болмақ».

«Биліктің жүйелі жаңартуларды жүзеге асыруға қабілеттілігі туралы қоғамдық пікірталас көптен бері өрбіп келеді»,- деді Е.Қарин. Экономикалық жаңартуларға басымдық беру ұстанымы көп жазғыруға ұшырап, біраз сөгіс естіді. Экономикалық бағытқа көбірек мән беру «билікті нақты басымдықты бағамдай алмай, қақпанға түскендей абдыраңқы күйге душар етті. Ал экономикалық ахуалдың дұрысталуы ендігі жерде биліктен кең көлемді саяси реформаларды жүзеге асыруды талап етіп отыр»,- дейді институт директоры.
Е.Қариннің айтуынша, «билік бірден осындай реформалар жүзеге асады деп алдын-ала жар салғандықтан, ендігі жерде бұл мәселені егжей-тегжейлі ойластыру қажеттігіне тап келіп отыр». «Қазақстанның жаңа тарихы жазыла бастаған алғашқы сәттен бері түрлі модернизациялық жобалар туралы бастама көтеру құқығы тек мелмекет басшысының ғана құзырында болды». «Бұл — тоқыраудың алдын алу және қоғамның демокартиялық бағытқа бетбұрыс жасауы үшін» билікті бір қолда шоғырландыру қажеттігінен келіп туындады. Жаңа саясат халықаралық институты бас директорының пікірінше, 90-шы жылдар үшін «бұл өзіндік жемісін беріп, билікке қоғамды түбегейлі қайта құруға бағытталған шешімдерді толыққанды жүзеге асыруға мүмкіндік берді». Алайда, «қазіргі жағдайда қоғамдағы ахуал түбегейлі өзгеріп, дербес саясат жүргізуге ресурстары жететін идеялық қабілеті жоғары саяси партиялар дүниеге келді».
Дейтұрғанмен, қазіргі «президентті жақтаушы саяси партиялар қоғамға идеялық мазмұн байлығын паш ете алмай отыр»,- деді Е.Қарин. «Қазақстандағы партиялар үкіметтік құрылымдардың іс-әрекетін бас шұлғып жақтай кететін, бойкүйез, иі жұмсақ құрылымдар ретінде танылып отыр. Мұндай жағдайды түп-тамырымен өзгерту керек. Саяси партиялар үкіметті сан алуан идеялармен қаруландыратын генераторға айналуы тиіс». Сонымен бірге, саяси партиялар жоғары әлеуетке ие болып, оларды жақтайтын әлеуметтік топтар айқындалды. «Қазіргі билік осындай мүмкіндікті босқа рәсуа етіп, қоғамға кең ауқымды реформаларды жүзеге асыруға әзірлігін паш етуге мүмкіндік беретін ұрымтал сәтті дұрыс пайдалана алмай отыр»,- деді Е.Қарин.

Соңғы жаңалықтар