Фронт құрылу себебіне түсініктеме берген Аграрлық партия төрағасының орынбасары Владимир Челышевтің айтуынша, «мақсат — халықтың таңдау білдіру еркіндігін қорғау болып табылады». «Сайлауда кім жеңсе, сол билік органында халық өкілі міндетін атқаруы тиіс»,- деді ол.
Қазақстанның Аграрлық және Азаматтық партиялары Қазақстандағы барлық билік тармақтарының жетекшілерінен «елімізде Қырғызстандағы секілді оқиғаға жол бермеу үшін шаралар қолдануды» талап етті.
«Еліміздің экономикалық , адами, әлеуметтік және саяси әлеуеті зор. Сол себепті Қырғызстанда жүзеге асырылған жоба авторлары үшін республикамыз үлкен қызығушылық тудыратыны сөзсіз. Осыған байланысты Қазақстанда да осы тектес жобаны жүзеге асыру жөніндегі жоспар жоқ деп бойды босқа салу аңғалдық болар еді»,- дейді А.Перуашев.