Қазақстанда шағын мұнай-газ кенішін игеру үшін 200-300 млн. доллар қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
	
Қазақстанда шағын мұнай-газ кенішін игеру үшін 200-300 млн. доллар қажет

Қазақстанда шағын мұнай-газ кенішін игеру үшін 200-300 млн. доллар қажет

Қазақстанда шағын ғана мұнай-газ кенішін игеру үшін кем дегенде 200-300 млн. АҚШ доллары қажет.

  • 9 Маусым 2011
  • 345
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумының секциялық отырысында ҚР Мұнай және газ вице-министрі Ляззат Қиынов мәлім етті.

Вице-министрдің айтуынша, ол ақша 10 жылға салынуы тиіс. «Бес жыл мұнай-газ кенін зерттеуге жұмсалса, бір-екі жыл кен қорын есептеу мен құжат әзірлеу жұмысына кетеді және үш-бес жылдай сол мұнай-газ кенін абаттандыруға тура келеді», — дейді Л.Қиынов. Осы орайда ол сыбайлас жемқорлық пен таныстық мәселесіне тоқталып: «Бізде мұнай-газ кенін жайдан-жай таныстық арқылы игеруге болмайды. Себебі кез келген таныс-тамырласта шағын ғана мұнай-газ кенін игеруге қажетті 200-300 млн. доллар бола бермейді», — деп атап көрсетті Л.Қиынов.

Соңғы жаңалықтар