Қазақстанда «Шағын қаржы ұйымдары туралы» заң қабылданды
Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан республикасының бірқатар заң актілеріне шағын қаржы ұйымдары жөнінде өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңына» қол қойды. Бұл туралы дүйсенбі күні мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады. |
Бұған дейін ҰБ төрағасының орынбасары Данияр Ақышев хабарлағандай, құжат «аталған секторда тәртіп орнатуға» бағытталған. «Бір жағынан, шағын қаржы ұйымдары ауыл тұрғындарына біршама қаржылық демеу көрсетеді. Екінші жағынан бұл саланың былығы басым», - деді ол.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін