Мемлекеттік органдар үшін жалғыз қадағалау шарасы — айыппұл салу. Сол себепті олар осындай заң бұзушылықтардың шығуынан мүдделі болатын жағдай қалыптасып отыр.
«Кәсіпкерлер арасындағы сауалнама қорытындысы бойынша түрлі органдар жүргізген зерттеулер барысында тексерулерді жиі жүргізетін органдардың тізімінде біршама айырмашылықтар шыққан. Мұндай жағдай жеке кәсіпкерлік туралы заңның 38-ші бабының 18-19 тармақтары көптеген мемлекеттік органдарға заңды негізде тексерулерді Құқықтық статистка жөніндегі комитетте тіркемеуге мүмкіндік беруіне байланысты байқалған. Бұл жайды ҚР Бас прокуратурасы талай мәрте ескертті», — деді Г. Қуанғанова.
«Қазіргі бар тексерулер жүйесі адал кәсіпкерлерге тексерулер нәтижесіне тиімді шағымдануға мүмкіндік бермейді», — деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті