Р.Баталовтың айтуынша, елімізде шағын кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіріп отырған тауқыметтерді зерттеу үшін 2004-жылдың желтоқсан айында ҚР үкімет басшысының бұйрығымен құрылған жұмыс топтарының мүшелері осындай тұжырымға келді. Төрт мекеменің вице-министрлері мен Қазақстанның кәсіпкерлері форумының өкілдері жұмыс топтарының тең төрағалары болып тағайындалған.
Айталық, қаржылық-экономикалық мәселелер жөніндегі топ салық салу, кеден-тарифтік саясат, кедендік әкімшілік, шағын және орта бизнес субьектілерінің қаржылық ресурстарға қол жеткізу мүмкіндіктері, негізгі капиталға инвестиция жұмсау мәселелерін қарады.
Жалпы алғанда дәйектелген мәселелер бойынша топ 20-дан астам ұсыныс енгізді. Оларды жүзеге асыру ҚР Салық және Кеден кодексі, ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексі тәрізді заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді.
Әсіресе заңнамалық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілетін ең көп ұсыныстарды ортаға салды. Олардың пікірінше, шағын және орта бизнес субьектілерінің іс-қызметін қалыпқа келтіру үшін кем дегенде 700-дей құқықтық-нормативтік актілерге өзгерістер енгізу қажет. Сондай-ақ, жұмыс тобының бір айлық жұмыс қорытындысы бойынша үкіметтің 247 қаулысын күшін жойған деп тану, орталық мемлекеттік мекемелердің 125 бұйрығын алып тастау, 95 құжатқа түзетулер енгізу ұсынылды. Қазақстанның кәсіпкерлері форумының өкілдері сонымен бірге жоспарланған айыппұлдар жүйесін мемлекеттік деңгейде күшін жоюды ұсынады. Топтың тең төрағасының ақпаратына сәйкес, 2004-жылғы республикалық бюджетте айыппұлдардан түсетін жоспарлы түсімдер мөлшері 893 млн. теңгені құраса, 2005-жылғы бюджетте 1,5 млрд. теңгені құрап отыр.
Әкімшілік кедергілер мен төрешілдікті жою жөніндегі жұмыс тобының мүшелері сертификат және лицензия беру, статистиклаық есеп беру, құрылыс және мелмекеттік сатып алу саласындағы рұқсат беру процедураларының көлемін қысқартуға қатысты 40-тай ұсынып енгізді. Жұмыс тобы мүшелерінің пікірінше, Қазақстанда шағын және орта бизнес субьектілеріне қатысты жемқорлық жайлап алған.
Тындырылған істерді қорытындылаған Р.Баталов шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы проблемаларды шешу үшін мемлекеттің саяси ерік-жігері қажет деп атап өтті. Кәсіпкерлік туралы жаңа заң қабылдаумен бірге бұл заңда, бизнес-қауымдастықтың пікірінше, кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымына арналған бөлім маңызды орын иемденуі тиіс. «Сонымен бірге Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау және оны дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді стратегия қабылдап, оның аясында тек заңнамаларды ғана емес, сонымен бірге, бизнес пен мемлекет деңгейіндегі ықпалдастықты да жеьтілдіре түсу қажет»,- дейді Қазақстан кәсіпкерлері форумының төрағасы.