Қазақстанда Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының аясындағы лаңкестікке қарсы "Ықпалдастық-2003" атты оқу-жаттығуларының бірінші сатысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының аясындағы лаңкестікке қарсы  "Ықпалдастық-2003" атты оқу-жаттығуларының бірінші сатысы өтеді

Қазақстанда Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының аясындағы лаңкестікке қарсы "Ықпалдастық-2003" атты оқу-жаттығуларының бірінші сатысы өтеді

6-8 тамыз күндері Үшарал маңындағы Шығыс әскери округінің аумағында Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің лаңкестікке қарсы "Ықпалдастық-2003" атты оқу-жаттығуларының бірінші сатысы өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен 5-тамызда хабарлады.

  • 5 Тамыз 2003
  • 417
Фото - Caravan.kz

Оқу -жаттығулар 2001-жылдың 15-мамырында қабылданған «Терроризм және экстремизммен күрес жөніндегі» Шанхай конвенциясы негізінде қабылданған Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының шаралар жоспарына сәйкес өткізілмекші.

Оқу-жаттығулардың бірінші сатысына Аэромобильді және құрлықтағы күштер , ҚР Қарулы күштері әуеден қорғаныс күштерінің бөлімшелері , Қырғызстан қару күштерінің десанттық-барлау взводы мен Ресей Қарулы күштерінің мотоатқыштар ротасы қатысады. Тәжікстан Қарулы күштерінің өкілдері оқу-жаттығуларға бақылаушы ретінде шақырылып отыр.
Жаттығулардың екінші сатысы ҚХР аумағында 11-12-тамызға межеленген. Оқу-жаттығуларға Қырғызстан Қарулы күштері мен Қытай Ұлтазаттық Армиясының бөлімшелері қатысады.

Соңғы жаңалықтар