Жарияланды: 980

Қазақстанда шетелдік инвестицияларды тарту қарқыны өткен жылғы деңгейде сақталып отыр

Астана. 28 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Әлемдік экономикадағы дағдарысқа қарамастан, Қазақстанда шетелдік инвестицияларды тарту қарқыны өткен жылғы деңгейде сақталып отыр. Бұл туралы бүгін өткен Қазақстан -Венгрия бизнес-форумы барысында ҚР Индустрия және сауда министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы Тимур Нұрашев мәлімдеді.

Ол Қазақстан былтыр тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, оның көлемі $17 млрд құрағанын еске салды. "Бұл алдыңғы екі жылдағы көлемге тең", -деді министрлік өкілі. 1993 жылдан бері Қазақстанға $76 млрд астам тікелей шетелдік инвестициялар (2008 жылдың 1 шілдесіндегі жағдаймен 76,1 млрд) тартылған. "Қазақстанға салынған барлық инвестицияның үштен екі бөлігі шикізат саласына, тау-кен өнеркәсібі мен геологиялық барлау қызметіне, ал өңдеу өнеркәсібіне 9%-дан астамы салынған, сол себепті біздің бүгінгі міндетіміз - Қазақстанға келетін шетелдік инвестициялардың құрылымын әртараптандыру",- деді ол. "Біз жан басына шаққандағы шетелдерден тартылған тікелей инвестициялар көлемі бойынша ТМД елдерінің аясында бірінші орындамыз", - деді Т. Нұрашев. Оның айтуынша, Қазақстандағы негізгі инвесторлар - АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция және Италия. "Венгриядан Қазақстанға салынған инвестициялар бар-жоғы $42 млн құрайды, сол себепті кеше өткен Қазақстан-Венгрия экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссияның 1-отырысы мен бүгінгі бизнес-форум екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты күшейте түседі деп сенемін", - деді комитет төрағасы. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін