Қазақстанда шетелдік инвестицияларды тарту қарқыны өткен жылғы деңгейде сақталып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда шетелдік инвестицияларды тарту қарқыны өткен жылғы деңгейде сақталып отыр

Қазақстанда шетелдік инвестицияларды тарту қарқыны өткен жылғы деңгейде сақталып отыр

Астана. 28 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Әлемдік экономикадағы дағдарысқа қарамастан, Қазақстанда шетелдік инвестицияларды тарту қарқыны өткен жылғы деңгейде сақталып отыр. Бұл туралы бүгін өткен Қазақстан -Венгрия бизнес-форумы барысында ҚР Индустрия және сауда министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы Тимур Нұрашев мәлімдеді.

  • 28 Қараша 2008
  • 963
Фото - Caravan.kz

Ол Қазақстан былтыр тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, оның көлемі $17 млрд құрағанын еске салды.

«Бұл алдыңғы екі жылдағы көлемге тең», -деді министрлік өкілі.

1993 жылдан бері Қазақстанға $76 млрд астам тікелей шетелдік инвестициялар (2008 жылдың 1 шілдесіндегі жағдаймен 76,1 млрд) тартылған. «Қазақстанға салынған барлық инвестицияның үштен екі бөлігі шикізат саласына, тау-кен өнеркәсібі мен геологиялық барлау қызметіне, ал өңдеу өнеркәсібіне 9%-дан астамы салынған, сол себепті біздің бүгінгі міндетіміз — Қазақстанға келетін шетелдік инвестициялардың құрылымын әртараптандыру»,- деді ол.

«Біз жан басына шаққандағы шетелдерден тартылған тікелей инвестициялар көлемі бойынша ТМД елдерінің аясында бірінші орындамыз», — деді Т. Нұрашев. Оның айтуынша, Қазақстандағы негізгі инвесторлар — АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция және Италия.

«Венгриядан Қазақстанға салынған инвестициялар бар-жоғы $42 млн құрайды, сол себепті кеше өткен Қазақстан-Венгрия экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссияның 1-отырысы мен бүгінгі бизнес-форум екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты күшейте түседі деп сенемін», — деді комитет төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар