Caravan Logo

Қазақстанда шетелдік инвестицияларды тарту қарқыны өткен жылғы деңгейде сақталып отыр

Қазақстанда шетелдік инвестицияларды тарту қарқыны өткен жылғы деңгейде сақталып отыр

Ол Қазақстан былтыр тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, оның көлемі $17 млрд құрағанын еске салды.

"Бұл алдыңғы екі жылдағы көлемге тең", -деді министрлік өкілі.

1993 жылдан бері Қазақстанға $76 млрд астам тікелей шетелдік инвестициялар (2008 жылдың 1 шілдесіндегі жағдаймен 76,1 млрд) тартылған. "Қазақстанға салынған барлық инвестицияның үштен екі бөлігі шикізат саласына, тау-кен өнеркәсібі мен геологиялық барлау қызметіне, ал өңдеу өнеркәсібіне 9%-дан астамы салынған, сол себепті біздің бүгінгі міндетіміз - Қазақстанға келетін шетелдік инвестициялардың құрылымын әртараптандыру",- деді ол.

"Біз жан басына шаққандағы шетелдерден тартылған тікелей инвестициялар көлемі бойынша ТМД елдерінің аясында бірінші орындамыз", - деді Т. Нұрашев. Оның айтуынша, Қазақстандағы негізгі инвесторлар - АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция және Италия.

"Венгриядан Қазақстанға салынған инвестициялар бар-жоғы $42 млн құрайды, сол себепті кеше өткен Қазақстан-Венгрия экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссияның 1-отырысы мен бүгінгі бизнес-форум екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты күшейте түседі деп сенемін", - деді комитет төрағасы.