Қазақстанда шетелдік туристерге алым салу ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда шетелдік туристерге алым салу ұсынылды

Қазақстанда шетелдік туристерге алым салу ұсынылды

Елімізге сырт елден келетін туристерге асым салу мәселесі қарастырылуда.

  • 8 Сәуiр 2021
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін ҚР Парламенті Сенаты отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралды.

"Басым туристік аумақ — туристік картаның республикалық объектілер тізіміне енгізілген, туристік дамудың ерекше әлеуеті бар аумақ. Басым туристік аумақ ресурстарды туризмді дамытудың перспективалы нүктелерінде шоғырландыру мақсатында құрылады. Сондай-ақ, бұл аумақта инвесторлар үшін ерекше жеңілдіктер және қазақстандықтардың елде демалуға бағытталған ілгерілету шаралары қарастырылған", — деді заң жобасын таныстырған ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

Сондай-ақ, аталған заң жобасында шетелден саяхаттап келетіндер үшін туристік алым жүйесін енгізу қаралып отыр.

"Әлемдік тәжірибені ескере отырып және ішкі және сыртқы туристік нарықтарда аймақтық туристік әлеуетті ілгерілету үшін жергілікті бюджеттің қосымша көздерін табу мақсатында шетелдік туристерден туристік алым енгізу және операторларды анықтау жоспарлануда.


Туристік алым мөлшерлемесінің өзін Мәслихат, ал төлеу тәртібін Үкімет бекітеді", — дейді ол.

Одан бөлек, министр ішкі туризмді дамытуда мемлекеттік қолдаудың нақты тетіктерін атап көрсетті.

Райымқұлованың сөзіне сенсек, туризмді қолдауда мемлекеттік шараларды жүзеге асыру экономикаға бюджеттің қосымша кірісі түрінде 135 млрд теңгені тартуға, 170 мыңнан астам жұмыс орнын құруға және кем дегенде 1000 жобаны іске асыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар