Қазақстанда шетелдіктер коронавирустан тегін емделе алады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда шетелдіктер коронавирустан тегін емделе алады

Қазақстанда шетелдіктер коронавирустан тегін емделе алады

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар мен пана іздегендер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында коронавирустан тегін емделе алады.

  • 16 Қазан 2020
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы бұйрығы ақпараттық-құқықтық жүйеде жарияланды. Құжат Әділет министрлігінде 12 қазанда тіркелген.

Шетелдіктерге тегін медициналық көмек алуға құқық беретін аурулардың жаңа тізбесі 23 тармақтан тұрады:

  • Дифтерия;
  • Қызылша;
  • Қызамық;
  • Көкжөтел;
  • Скарлатина;
  • Желшешек;
  • Эпидемиялық паротит;
  • А, В, С паратифтері;
  • Полиомиелит;
  • Менингококк инфекциясы;
  • Тырысқақ;
  • Іш сүзегі;
  • Туберкулез (қақырық жағындысының туберкулез микобактериясының болуына екі рет конверсиясына қол жеткізгенге дейін бактерия бөлетін өкпе туберкулезі; науқастың өміріне қауіп төндірмейтін жағдайға қол жеткізгенге және қақырық жағындысының туберкулез микобактериясының болуына екі рет конверсиясына қол жеткізгенге дейін туберкулездің жіті үдемелі түрлері (менингит, милиарлық туберкулез));
  • Күйдіргінің өкпелік түрі;

  • Оба;
  • Вирустық геморрагиялық қызбалар;
  • Сары қызба;
  • А, Е вирустық гепатиттері;
  • Безгек;
  • Вирустың жаңа субтипінен туындаған адам тұмауы;
  • Ауыр жіті респираторлық синдром (АЖРС);
  • Коронавирус инфекциясы.

Құжатпен толығырақ сілтемеге өтіп, таныса аласыз.

Соңғы жаңалықтар