Депутаттар бастамашы болған түзетулер шөп қоспаларын Қазақстанда бақылауға жататын есірткі және психотроптық заттардың тізіміне енгізу мақсатында жасалды.
Қазіргі уақытта шөп қоспаларын сатуға ҚР бас санитарлық дәрігер деңгейінде ғана тыйым салынған.
«Шөп қоспалары да есірткі сияқты әсер етеді. Алайда (қазіргі уақытта — ҚазТАГ) тыйымды бұзған азаматтарға қатысты сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған», — деп түсіндірді толықтырудың мақсатын Б. Бекжанов.