Қазақстанда синтетикалық есірткі тұтыну мөлшері арта түсуде - сот сараптамасы орталығы - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда синтетикалық есірткі тұтыну мөлшері арта түсуде - сот сараптамасы орталығы

Қазақстанда синтетикалық есірткі тұтыну мөлшері арта түсуде - сот сараптамасы орталығы

Қазақстанда синтетикалық есірткі тұтыну мөлшері нашаның басқа түрлерімен салыстырғанда үлкен қарқынмен арта түсуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне бүгін, 12-мамырда ҚР әділет министрлігінің сот сараптамасы орталығының бас сарапшысы Валентина Замкова мәлімдеді.

  • 12 Мамыр 2005
  • 727
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Орталыққа сот сараптамасына жолданатын есірткі заттарына жасалған талдау қорытындысы елімізде 2005-жылдың бастапқы 4 айында амфетаминдер тобына жататын синтетикалық есірткілердің мөлшері өткен жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 5 есе өскенін айғақтап отыр.

Сонымен бірге сот-медициналық сарапшылардың пікірінше, есірткі саудагерлері ұсынылатын «тауардың» саны мен сыртқы кескінін жақсарта түсті. «2001-2003-жылдары бізге жасалуы оңайға түсетін амфетамин және экстази сынды қарапайым есірткілер көптеп әкелінетін. Ал қазір құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлері өндіру күрделі боп келетін олардың туынды өнімдерін көптеп тәркілейтін болды».
Сот сараптамасы орталығы мамандарының айтуынша, Еуропада өндірілген синтетикалық есірткі түрлерінің артуы осы аймақта тек Қазақстанға ғана тән жағдай. Ал халықтың тіршілік деңгейі төмен болып келетін аймақтағы басқа елдерде қымбат амфетаминдерді көбінің қалтасы көтермейді.

Перейти к новостям спорта