Қазақстан халқының 1 пайызға жуығы әлемде сирек кездесетін ауру түрлеріне шалдыққан. Дәрігерлер ауру санының көбеюіне байланысты әрбір жас отбасыға тұрақты түрде тексерістен өтіп тұруға кеңес берді, деп жазады Хабар 24 арнасы.
Cирек кездесетін аурулар күніне орайластырылған конференцияда сарапшылар осындай дерек келтірді. Айтуларынша, еліміз бойынша мұндай 7 мың науқас бар. Қазақстанда дерттің әсіресе гашэ және мукополисахаридоз деген түрлері кең таралған. Соңғысы 46 адамнан анықталды. Ал сирек кездесетін гашэ ауруына 21 адам шалдыққан. Мұндай дерттер көбіне балалар арасында жиі кездеседі екен. Жалпы осыған орай дәрігерлер жас отбасыларға медициналық тексеруден тұрақты түрде өтіп тұруға кеңес береді.
Даир Нұрғалиев, Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығының бөлім меңгерушісі:
— Кішкентай кезінде жаңа туған балаларда болады. Бізде қазір сондай әдістемелер бар. Шетелге жібереміз, шетелде молекулярлы генетика жасайды. Сосын тура диагноз қояды. Содан кейін біздің мемлекет тегін дәрілер береді.