Қазақстанда соғыстан кейінгі карталарда ашаршылық құрбандары көмілген 27 жер көрсетілген»- Мақаш Тәтімов - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда соғыстан кейінгі карталарда ашаршылық құрбандары көмілген 27 жер көрсетілген»- Мақаш Тәтімов

Қазақстанда соғыстан кейінгі карталарда ашаршылық құрбандары көмілген 27 жер көрсетілген»- Мақаш Тәтімов

«1930 жылдардағы зұлматты нәубет деуге болмайды. Ол қазақ тілін білмейтін адамдардың сөзі».

  • 31 Мамыр 2011
  • 544
Фото - Caravan.kz

Саяси ғылымдардың докторы, демограф Мақаш Тәтімов кеше Алматыда өткен «Қазақстанның тарихи демографиясындағы ақтаңдақтар» деп аталатын дөңгелек үстел жиынында осылай айтты.

«Қазақстанда соғыстан кейінгі карталарда 27 «казгородок» көрсетілген. «Казгородок деген» — концлагерлер, онда кезінде аштан қырылған адамдар көмілген. Қазір әр облыстан оның бір-екеуін табуға болады. Мәселен соның бірі Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданындағы Рахат деген ауылда орналасқан зират. Алайда әлі күнге дейін мұнда аштан қырылған адамдар жатыр деген ешқандай белгі жоқ», — дейді Мақаш Тәтімов. Оның айтуынша, зұлмат жылдары кей кезде күніне 100 адамға дейін атылған. Олар кейін кез келген бақ пен баудың арасына көмілген. Сондықтан біз қазір олардың кейбірінің сүйегі жатқан жерді басып жүруіміз де мүмкін.

«ХХ ғасырдағы қолдан жасалған апаттар туралы айтылған кезде кейбіреулер бұл нәубет дейді. Ол қазақ тілін білмейтін адамдардың сөзі. Нәубет — діни ұғым. Өткен ғасырдың алашқы жартысында ең алдымен дін адамдары құғын-сүргінге түскенде олар не үшін атылып жатқанын білмеген соң нәубет келді деуі мүмкін. Шын мәнінде бұл қолдан жасалған саяси зұлмат», — дейді Мақаш Тәтімов. Ғалымның айтуынша, «күштеп ұжымдастыру мен ауқатты адамдардың мал-мүлкін тәркілеуден кейін украиндардың 17 пайыз қырылды. Олар қазір оны қолдан жасалған ашаршылық деп мемлекеттік деңгейде өзгелерге мойындатты. Тіпті бірқатар елдер бұл саяси зұлматты мойындамағандарды сотқа тарту туралы арнайы заң шығарып алды. Ал Қазақстанда 49-51 пайыз қазақ ашаршылық құрбанына айналса да біз әлі оны өзге тұрмақ өзіміз танып-біле алмай отырмыз».

Соңғы жаңалықтар