Бір апта ішінде еліміздің аумағында 3 190 қылмыс жасалған.
Бұл туралы бүгін ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, деп хабарлады Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, жасалған қылмыстың 2 166-сын құқық қорғау органдарының қызметкерлері бір тәулік ішінде әшкерелеген.
«Полиция қызметкерлері ізін суытпай 7 кісі өлтіру, 7 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 34 тонау және 457 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», – деді Нұрділдә Ораз.