Caravan Logo

Қазақстанда сотқа дейінгі дау медиация көмегімен 5-ші тамыздан бастап қарала бастайды

Қазақстанда сотқа дейінгі дау медиация көмегімен 5-ші тамыздан бастап қарала бастайды

«Медиация азаматтық-құқықтық қатынастарда туындайтын шиеленістерді, оның ішінде кәсіпкерлік және экономикалық жұмыста, еңбек және отбасында туындайтын шиеленістерді, және басқа да жеке немесе заңды тұлғалардың қатысуымен өтетін құқықтық қрым-қатынастарды реттегенде, сондай-ақ шағын немесе орташа ауыртпалықтағы қылмыстар саласындағы қылмыстық-құқықтық қатынастарды реттегенде қолданылады», - деді О. Петерс жұма күнгі брифингте.

Оның айтуынша, медиацияны қолдану мүдделі азаматтарға сотқа жүгінбей-ақ бітімгершілік процедураларды қолданып дау-дамайды шешуге болатын пәрменді жүйені қолдануға мүмкіндік жасайды

Одан басқа, дауды шешудің жаңа тәсілі медиация процедурасына өмір тәжірибесі көп, жоғарғы білімді адамдарды, судьяларды, отставкадағы прокурорларды, адвокаттарды тартуға мүмкіндік беріп, құқықтық мәдениетті көтеріп, сыбайлас жемқорлықтың аясын тарылтады.

«Медиация туралы» және «Медиация мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасының жекелеген заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарға ағымдағы жылы қаңтарда президент қол қойғанды.