Қазақстанда сотталған германиялық есірткі құмар жазасын өз елінде өтейтін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда сотталған германиялық есірткі құмар жазасын өз елінде өтейтін болды

Қазақстанда сотталған германиялық есірткі құмар жазасын өз елінде өтейтін болды

Қазақстанда есірткі қолданып және саудалағаны үшін 2008-ші жылы сотталған Германия азаматшасы Елена Фитерер қалған жазасын отанында өтейтін болады, деп Қазақстан бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 22 Маусым 2011
  • 461
Фото - Caravan.kz

«Бүгін Қазақстан сотының үкімімен 2008 жылы сотталған Германия азаматшасы Елена Фитерерді әрі қарай өз елінде жазасын өтеуі үшін беру рәсімі болды. Қазақстан Бас прокуратурасы мен Германияның құзырлы органдары арасындағы осындай келісімге халықаралық құқықта әрекет ететін өзара ауыстыру қағидасы негізінде қол жеткізілді», — делінген бас прокуратуцраның сейсенбі күні таратқан хабарында.

Хабарда атап көрсетілгендей, Германдық тарап Вюрцбург қаласы жергілікті сотының Талдықорған қалалық сотының үкімін орындау туралы шешімін кепілдік ретінде ұсынды. Сол шешімде қазақстандық сот үкімі қайта қаралмайтыны және үкім бойынша өндірілуі тиіс шығынды сотталушының толығымен өтегені көрсетілген.

Осыны негізге ала отырып, Бас прокуратура ұлттық заңнамларға сәйкес жазасын әрі қарай өз елінде өтеуі үшін сотталушыны беру туралы шешім қабылдады.

Еске салсақ, сот үкімімен Талдықорған облысының Қапал ауданы Қапал селосының тумасы Е. Фитерер аса ірі мөлшердегі есірткі – героиннің 3,488 гр сату мақсатында заңсыз тасымалдаған, өзі пайдаланған және есірткілік заттарды бірнеше рет қайталап аз мөлшерде, 0,005гр және 0,49 гр мөлшерінде, заңсыз сату фактілерін ескере отырып, айыпты деп танылып, 10 жылға сотталған болатын.

Соңғы жаңалықтар