Қазақстанда соттардың жұмыс сапасы мен олардың адамгершілік келбеті жиі сынға ұшырайды - Елбасы - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда соттардың жұмыс сапасы мен олардың адамгершілік келбеті жиі сынға ұшырайды - Елбасы

Қазақстанда соттардың жұмыс сапасы мен олардың адамгершілік келбеті жиі сынға ұшырайды - Елбасы

Қазақстанда соттардың жұмыс сапасы мен олардың адамгершілік келбеті жиі сынға ұшырайды. Бүгін, 3-маусымда ҚР судьяларының ІҮ сьезінде сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Маусым 2005
  • 528
Фото - Caravan.kz

«Соттардың парақорлығы, сот аясындағы төрешілдік пен соттар жіберетін өрескел қателіктер тек сотқа ғана емес, сонымен бірге мемлекетке деген сенімге нұқсан келтіруде. Соттардың іс-қызметі барысындағы кез-келген ірілі-ұсақты заң бұзушылықтарға баса назар аудару қажет»,- деді ол. «Әділеттілік орнатылатын саланың өзінде түрлі заң бұзушылықтарға жол берілмеуі тиіс»,- деді Елбасы.

Мемлекет басшысы елімізде судьялардың материалдық жағдайын жақсартуға қолдан келгеннің бәрі жасалып жатқанын еске салды. «Алайда судьялардың өзі де осы орайда кез-келген заң бұзу оқиғасы немесе сот этикасын бұзу оларды барлық әлеуметтік жеңілдіктер қоржынынан айыратынын және бұл жұмысқа екінші қайта қабылданбайтынын, мұндай оқиға сот органы үшін апатпен бірдей болатынын білуге тиіс. Осындай ережені еліміздің заңдарына енгізу қажет»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта