Министрлік ақпаратына сәйкес, барлық жағдайлардың 75 проценті есірткіні тамырға егіп пайдалануға байланысты , 16 проценті жыныстық қарым-қатынастар арқылы жұқса, 8,2 процентінің қалай жұққаны белгісіз. Дертті жұқтырғандардың 51,6%-і 20-29 жас, 27,7%-і 30-39 жас, 9,5%-і 40-49 жас аралығындағылар.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2006-жылдың І жартысында дәрі-дәрмектер сатып алуға бөлінген қаржының жалпы көлемі 13 491 998 теңгені құрады. Сонымен бірге ВИЧ індетін жұқтырғандарды емдеуге Ғаламдық қордың қаржысы бөлінді. 2006-жылдың І жартысында антиретровирустық дәрілерді сатып алуға жалпы алғанда 320 мың доллар бөлінді. Республикалық бюджеттен 2006-жылға арнап тест-жүйесін сатып алуға 10 889 984 теңге бөлінді.