Қазақстанда sportinfo.kz атты жаңа интернет-портал пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда sportinfo.kz атты жаңа интернет-портал пайда болды

Қазақстанда sportinfo.kz атты жаңа интернет-портал пайда болды

Алматыда sportinfo.kz атты жаңа интернет-порталдың таныстырылымы болып өтті. Ол Қазақстанда, бұрынғы КСРО республикалары мен бүкіл әлемде болып жатқан спорт шаралары туралы хабардар етіп отырады.

  • 9 Маусым 2011
  • 545
Фото - Caravan.kz

Жобаны ұйымдастырушылардың пікірінше, портал журналистері FIFA және FranceFootball версияларындағы ең үздік футболшысын анықтау жөніндегі белді әлемдік спорт БАҚ-тарының әділ қазылар алқасының құрамына кіреді. Сондай-ақ Sportinfо.kz-да халықаралық GoldenFoot футбол сыйлығының медиапартнерлік эксклюзвтік құқығы бар және ресейлік «Спорт-Экспресс» газеті жүргізетін «Золотая звезда» («Алтын жұлдыз») конкурсында «Лучший футболист СНГ и Балтии» номинациясы бойынша дауыс береді.

«Қалыптасу кезеңінде коммерция туралы айту ерте, бірақ келешекте портал кіріс келтірер деп сенеміз. Алда штаттан тыс тілшілерді тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресейде және алыс шетелде ұстау, белді спорт басылымдарымен ынтымақтасу бар. Сондай-ақ өзіміздің басылым, радио және телехабарларымыз болса дейміз», — деді портал құрылтайшысы Ренат Тоғысов.

Одан басқа, Р. Тоғысовтың айтуынша, жаңа сайттың Қазақстандағы спорттық тақырыптағы басқа интернет басылымдардан ең басты айырмашылығы — футбол премьер-лига ойыншыларының және спорттың басқа түрлерінің спортшыларының да профайлдарының бар болуы, сондай-ақ бейнефильмдерге түсірілген мастер-класстардың болуы деді. Порталда тек қана талқылау үшін форумдер болмайды, сонымен қатар танымал спортшылардың блогтары да болады. Порталға кірушілер белді спорт жарыстарының бейнекөрілімдері мен спорттық жарыстардың фотосуреттерін тамашалап, сондай-ақ соған қатыстыларының барлығын, және, әрине, тікелей хабарда мәтіндік трансляциямен де таныса алады.

«Әрине, біздің сайтымызда, жаңалықтар да болады. Sportinfo.kz лентасында қазақстандық спортқа қатыстылардың барлығы бүгінге жаңалықтар ғана емес, осы сағаттағы жаңалықтар да болады. «СЭ» лентасында ресей және әлем спортына қатысты оқиғалар көрініс табады», — деді Р. Тоғысов.

Соңғы жаңалықтар