Қазақстанда «Спорттың жол картасы» бағдарламасын дайындау бастамасы көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда «Спорттың жол картасы» бағдарламасын дайындау бастамасы көтерілді

Қазақстанда «Спорттың жол картасы» бағдарламасын дайындау бастамасы көтерілді

«Қазақстан спорт одағы» ЗТБ және «Нұр Отан» партиясы елімізде «Спорттың жол картасы» бағдарламасы жобасын енгізбек.

  • 20 Қаңтар 2011
  • 402
Фото - Caravan.kz

Бүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП-ның Орталық аппаратында «Бұқаралық спорт. Даму жағдайы мен болашағы» атты республикалық дөңгелек үстел жиынында сөз алған «Қазақстан спорт одағы» ЗТБ-нің төрағасы Ерлан Жанғұловтың мәлім етуінше, «Спорттың жол картасы» бағдарламасы аясында бұқаралық спортты дамыту және оның инфрақұрылымын дамыту мақсатында кешенді зерттеу жүргізіледі.

Сонымен қатар бұл бағдарламаға сәйкес, Қазақстанда мемлекеттік спорт телеарнасын құру, мемлекеттік кәсіпкерліктің әріптестігін ынталандыру, спорт саласына инвестициялар тарту тетіктерін енгізу, бұқаралық спортты дамыту мақсатында бірлескен ведомствоаралық жоспарлар дайындау, білім мекемелерінде спорттық инфрақұрылымдарды салу, спорт саласындағы мемлекеттік сатып алу ісін жетілдіру жұмыстары жоспарлы түрде атқарылатын болады.

«Спорт саласында көтеріліп жатқан барлық мәселелерді жүйелі түрде шешу үшін «Қазақстан спорт одағы» ЗТБ және «Нұр Отан» партиясы «Спорттың жол картасы» жобасын дайындау бастамасын көтеріп отыр. Міндеттерді нақты белгілеу арқылы, біз бұқаралық және дегдар спорттың дамуына сапалы негіз беретін боламыз»,-деп атап көрсетті Е. Жанғұлов.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера