Қазақстанда "Сталиннің өлімі" фильмі неге көрсетілмейтін болды? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда "Сталиннің өлімі" фильмі неге көрсетілмейтін болды?

Қазақстанда "Сталиннің өлімі" фильмі неге көрсетілмейтін болды?

Қазақстан кинотеатрлары британдық «Сталиннің өлімі» комедиясын көрсетпейтін болды деп хабарлады прокатпен айналысатын «Вольга» компаниясының өкілі Юлия Фатееваға сілтеме жасаған Vласть интернет-журналы. «Сталиннің өлімі» Қазақстанда прокатқа шықпайды, себебі картинадан барлық кинотеатрлар бас тартты» деген Фатеева.

  • 25 Қаңтар 2018
  • 234
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Today.KZ хабарлайды. 

Интернет басылымының өз дереккөзіне сітеме жасап хабарлауынша, бір кинотеатр желісі мен бір мультиплекс фильмді прокатқа алғысы келгенімен, кейін «айнып» қалған. Қазақстанда фильмді прокатқа шығаруға рұқсат берілмеген.

Дегенмен, Clique Film Festival-дің Facebook-тегі парақшасында хабарлауынша, «Сталиннің өлімі» Алматыда 1 ақпанда «Арман» кионтеатрында көрсетіледі.

"Сталиннің өлімі" – француз комиксі негізінде түсірілген сатирилық комедия. Режиссер Армандо Ианнуччи түсірген комедияның әлемдік премьерасы 2017 жылы қыркүйекте болған.

Фильмде КСРО-да 1953 жылы Сталин өлген соң билікке талас баяндалған. Негізгі рөлдерді Стив Бушеми, Джейсон Айзекс және Ольга Куриленко ойнаған.


Ресей мәдениет министрлігі «Сталиннің өлімі» картинасын прокатқа шығаруға 17 қаңтарда рұқсат берген. Картина алғаш 25 қаңтардан көрсетіле бастайды делінген еді, бірақ 23 қаңтар күні мәдениет министрлігі рұқсатын қайтарып алатынын мәлімдеді. Министрлік мұндай шешімді «бір топ заңгер» фильмде «экстремизм белгілері бар» деген соң қабылдағанын айтады.