Қазақстанда суға тарифтерді қалыптастырудың жаңа тетіктерін енгізу жоспары әзірленуде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда суға тарифтерді қалыптастырудың жаңа тетіктерін енгізу жоспары әзірленуде

Қазақстанда суға тарифтерді қалыптастырудың жаңа тетіктерін енгізу жоспары әзірленуде

5 қараша күні Алматыда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетовтың қатысуымен «Суға тарифтерді қалыптастыру тетіктерін жетілдіру» тақырыбында кеңес өтті.

  • 6 Қараша 2012
  • 469
Фото - Caravan.kz

«Бізде тарифтерді қалыптастыру тетіктерін жетілдіру бойынша Үкімет басшысының тапсырмасы бар. Соңғы жылдары үлкен жұмыстар атқарылуда. Қазіргі уақытта бұл саланы жаңғырту, инвестицияларды тарту, инвесторлар үшін болжауға болатын климатты қалыптастыру қадамдары ойластырылуда», — деді ол.

«Қазіргі уақытта 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған 26 ірі су арнасын шекті тарифтермен жұмыс істеуге көшіру бойынша сызба әзірленді. Мәселен, 2013 жылы оған — 12, 2014 жылы — алты, 2015 жылы — үш су арнасы көшетін болады», — деп мәлім етті ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігің төрағасы Мұрат Оспанов.

Қ.Келімбетов суды үнемдеу және есептегіш құралдарды орнатуды ынталандыру мақсатында тұтыну көлеміне қарай суға сараланған тарифтерді қолдану тәжірибесі жалғастырылатындығын атап өтті. Дегенмен, өзгелерге қарағанда есептегіш құралдармен суды үнемдеп жұмсайтын тұтынушылар үшін бағаның күрт қымбаттауы болмайды.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет басшысының орынбасары тиісті мемлекеттік органдарға суға тарифтерді қалыптастырудың жаңа тетіктерін енгізу бойынша жоспарды әзірлеуді тездетуді және қолданыстағы заңға тиісті өзгертулерді енгізуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар